Жоғары градусты туристік бизнес

Сарапшылар Қазақстанның туристік нарығындағы түйткілді тұстарды талқыға салды.

«Атамекен» пікірталас клубына қатысушылар туристік фирмаларды лицензиялауға қойылатын талаптарды қатайтуды, тәуекелдерін сақтандыру үшін сақтық қорлар құруды және басқа да ұсыныстарды алға тартты.

«Осы түйткіл былтырғы жылы басталды. Бұл бізге де қойылатын сауал. Біз де жағдайды түзетпедік, «Гүлнар Тур» оқиғасынан сабақ алмадық деп ойлаймын, бұны жасырмаймын», — деп атады «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов отырыс басында.

ҰКП басшысы сыртқа шығу туризмінің назар аударатын негізгі тұстарын ерекшелеп көрсетті. «Біріншісі, туроператор-турагент болып бөлуден не ұттық? Екіншіден, толғақты тақырып, шуы да көп болған – чартерлік сапарлар. Оны жапқанымыз пайдалы болды ма? Және де үшіншісі, ең бастысы, бұл форс-мажор жағдайында туристі қалай сақтандыру қажеттігі жайлы мәселе», — деді ол.

«Лицензиялауға қойылатын талаптарды қатайтуымыз керек. (…) Менің ойым осы. Екіншіден, сақтандыруға қатысты барлық өзара тілек-талаптарды түсіну қажет. Не болмаса нарық қатысушыларының өздерінің есебінен қандай да бір өтемақылық қор құру қажет», — деді Абылай Мырзахметов.

ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрлік туризм индустриясы департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев, өз кезегінде, «лицензиялау мәселесінің көтерілетінін» атап өтті. «Біз оны орталыққа қайтаратын боламыз, себебі қазір лицензиялау былтырғы жылдан бері жергілікті атқару органдарына берілген», — деді ол.

Қазақстанның Туристік агенттіктер қауымдастығының өкілі Денис Кривошеев туристер үшін 2 сақтық қор құруды ұсынды. «Біз «АҚЖ» (азаматтық-құқықтық жауапкершілік) сияқты лицензияға ие операторлардың күшін жоюды ұсынамыз. Жүктелме сақтандыруға көшуді ұсынамыз», — деді ол. «Туристік шартты сақтандыратын жүктелме сақтандыруға көшейік. Бұның бізге берері не? Бірішіден, бұл адамның қашан туриске айналатыны жайлы сауалдың күшін жояды. Шартқа қол қойғаннан бастап ол кісі осы шарттың орындалмауынан қорғаныш алады», — деп түсінірді ол.

Сарапшы сонымен қатар агент үшін АҚЖ қалдырылуға тиіс екенін атады. «Туристік нарықтың барлық қатысушылары қауымдастықтарға, өзін-өзі реттейтін ұйымдар құрамына кіруге міндетті. Сонымен қатар, нарықтағы барлық туристік компанияларды біріктіретін бірыңғай ұйым құруды ұсынамыз», — деді ол.

Денис Кривошеев 2 сақтық қор құру қажет деп мәлімдеді. «Бірінші сақтық қор – операторлық. Бұл сақтандыру компанияларының сақтық қоры бар екенін түсіну үшін, өз қызметін қауіпсіздендіруге арналған депозит болып табылатын сома. Қаржылай кепілдік сияқты дүние. Екінші қор – бұл өзара ашық көмек қоры. Әрбір туристік жолдамадан, әрбір туристен бір доллар шамасындағы аз ғана сома алынады да, ол қорға кетеді», — деп түсіндірді ол. Сонымен қатар қауымдастық өкілі шынайы уақыттағы туристік өнім сатуларының бірыңғай тіркеу жүйесін құру қажеттігін айта кетті.

Роза Асанбаева сарапшылардың назарын туристік дау-жанжалдардағы авикомпания роліне аударды. Оның айтуынша, олар да мұндай жағдайларда жауапкершілікте болады. «Неліктен авиакомпания осы туристік компанияның қаржылай жағдайы жоқтығын біле тұрып, оны әуе кемесін жалдаушы ретінде алады. Бұл жерде мәселені авиакомпаниямен арада шешу керек. Неліктен барлық жүк турагнеттіктерге, туроператорларға, кеме жалдаушыларға артылуға тиіс. Бұл жүйелік сипат алады», — деп мәлімдеді ол.

Роза Асанбаева сонымен қатар авиакомпания мен туроператор – кеме жалдаушы арасында тәуекелдер қаралатын үлгілік шарт дайындау қажет деп есептейтін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы ІАТА өңірлік менеджері Джордан Карамалаковтың ұсыныстарын еске сала кетті.

ҚТАҚ өкілі, «Саят фирмасы» ЖШС директоры Инна Рей банкроттық жағдайды алаяқтықтың нәтижесі деп атады. «Ешқандай да азаматтық авиация, ешкім де кінәлі емес. «Гүлнар Тур» да, «Трэвел Систем» де, қалғандарының барлығы да – өз тәуекелдеріне сіздердің ақшаларыңызбен кепілдік берді: ерте сатулар ашты, ақша жинап алды, олардың барлығын салып тастады да, болды. Одан кейін құрдымға кетті. Ақша салынып қойған, ағымдағы шығынды жабатын түк те жоқ. Мына жерде бағаны түсірейік, ана жерде түсірейік – содан біздің өзімізді құлатып жібереді. Себебі олардың басты мәселесі – сапалы өнім емес, кассаны толтыру. Сондықтан да қаржылай кепілдікке қайта оралайық, осыны соңына жеткізейік», — деп мәлімдеді ол.

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева отырыста сөз алып, туристік сала түйткілдерін шешу үшін заңнамаға өзгертулер енгізу сөзсіз қажет екенін атады. «Салаға кіру, өтемақылық қор құру жөніндегі мәселені не жүктелме сақтандыруға көшуді шешу керек», — деді ол.

«Мәселе қазір не істеу керек болып отырғанында. Бұның барлығы болашақтың мәселелері. Заңды түзейтін боламыз. Бірақ қазір не істеу керек? Қазір жауапкершілік жүгі сақтандырушыларға артылып отыр, олар бұдан былай шарттарды қалай жасасуға болатынын білмей отыр. Сақтандырушылардың бас тартулары туралы шағымдар туроператорлардан күн сайын келіп жатыр», — деп атады ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

«Градус түсінікті, тақырып күрделі, осының барлығы ыстық мезгілде орын алып отыр, туристік саланың градусы ылғи жоғары. Шешім жолын бірлесе отырып осы жерден іздеуіміз қажет. Диспозициялар шамамен түсінікті. Өз тарапымыздан бұл жұмысты барынша үйлестіреміз», — деді пікірталасты қорытындылай келе Абылай Мырзахметов.

  • ← Кері

    Алға →

    Translate »

    WildWeb

    Яндекс.Метрика
    Top.Mail.Ru